Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысыр қарулы күштері Солтүстік Синайда 14 лаңкестің көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр.Мысыр қарулы күштері сәрсенбі күні Солтүстік Синай мухафазасында қақтығыстар мен әскери операциялар кезінде 14 лаңкестің көзін жойды, деп елдің қарулы күштері мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Мысыр қарулы күштері мәлімдегендей,  Солтүстік Синайдағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасамақ болған тәртіп сақшыларымен қақтығыс кезінде жеті лаңкес өлтірілді. Қауіпсіздік күштерінің автоматтарды, гранаталарды және лаңкестердің сымсыз байланысына арналған жабдықтарды тәркілегені атап өтілді.

Әскерилердің хабарлауынша, сол күні аймақтағы тағы жеті содыр әуе соққысынан қаза тапты.

Бұл рейдтер 7 мамырда Синай түбегінің батыс бөлігінде 11 сарбаздың қаза тауып, тағы бесеуін жаралаған лаңкестік әрекетке жауап болды.

Синайдың солтүстігіндегі терроризмге қарсы күрестің онжылдығында Мысыр түбектегі содырлардың әрекетін барынша азайтты.

Аймақтағы лаңкестердің көпшілігі «Ислам мемлекеті»* тобына ант берді.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *