Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстандық есірткі сатушылар тобының мүшелері 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды

ҚАРАҒАНДЫ, 13 мамыр. Есірткі сатушылар тобының мүшелері 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 10 қазада күндізгі сағат үште Қарағанды қаласының Амангелді көшесінде полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жасырып жатқан кезде жас жігітті ұстады. Тінту барысында оның жасырын зертханасынан 5,7 кг Альфа PVP синтетикалық есірткі және оны өндіруге қажетті жабдықтар тәркіленді.

Бұл қылмыскердің ұсталуы Қазақстанның үш өңірінде – Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында есірткіні синтездеумен және таратумен  айналысқан қылмыстық топты әзірлеудің бастамасы болды.

Келесі болып Павлодар қаласындағы топтың екінші мүшесі ұсталды. Ол өз үйінде өндірісті қолға алған. Ұсталған кезде одан 175 грамм синтетика тәркіленді. Одан кейін жалпы салмағы 12 келіге жуық есірткі тәркіленген. ҰҚТ-ның қалған қатысушылары ұсталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінің ауқымын түсіну үшін тәркіленген синтетикалық есірткінің ең үлкен мөлшері бір грамнан басталатындығын айта кеткен жөн.

Қылмыстық топқа алты адам кірді. Олардың 5-і синтетика өндірісімен айналысты, ал біреуіне курьер және жасырып кетуші рөлі берілді.

ҰҚТ мүшелері Қарағандыда, Павлодарда және Ақмола облысының Аршалы кентінде төрт есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Өндірістің соңғы сатысына дайындалған психобелсенді заттардың ерітінділері, есірткінің дайын партиялары қаладан қалаға таксистер арқылы спирт құйылған бөтелкелер түрінде, сыйлық қаптамаларында, майлы жылыту радиаторларында, өрт сөндіргіштерде тасымалданып отырды. Оларды машинаның бензин багында жасырып отырған. Қылмыскерлердің бірі логистикалық компанияның кеңсесінде шарап түрінде жіберілген мефедрон ерітіндісі бар 36 бөтелке алмақ болған кезде ұсталған.

Синтетиканы өндіру және өткізу үшін төлемдер бит-коин арқылы жүргізіліп отырған. Интернет-қосымшалар арқылы электронды валютаны теңгеге айырбастап, банктік қосымшалар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Мұндай есірткі сатушылардың “жұмысы” ұзаққа бармайды. Топ мүшелерінің өзара байланысын азайтуға, прекурсорлар мен жабдықтардың келу арналарын жоюға тырысқанымен, олар полиция  көзіне тез түсіп, ұзақ жылға бас бостандығынан айырылады. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінде түсіндірілгендей, бүгінде полиция мұндай фактілерді анықтауда үлкен тәжірибе жинақтады. Бұл – көршілердің хабарламалары, жедел қызметкерлер мен жоғары технологиялар саласындағы мамандардың қажырлы жұмысы, пошта терминалдары мен логистикалық компаниялардағы қызметтік иттерді қолдану.

Тергеу бір жылдан астам уақытқа созылды, 2022 жылдың наурызында сот өтті.

Сот процесінде айыпталушылар жазаны жеңілдету үшін өз кінәсін мойындамады. Олар алдын ала тергеу барысында берген түсініктемелерінен бас тартып, ҰҚТ-ның басқа мүшелерімен таныс еместігін айтты. Олар есірткі жасырылған жерлерді білмедік, бір-бірімізбен хат алмаспадық деп мәлімдеді. Сотталушылардың бірі полиция қызметкерлеріне есік ашпай, ішінде оның әрекетін әшкерелейтін хат-хабарлары бар телефонын терезеден лақтырып жіберген.

Алайда куәгерлер мен куәлардың айғақтары, барлық тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары және жүргізілген сараптамалардың нәтижелері айыпталушылардың кінәсін толық көлемде дәлелдеуге мүмкіндік берді. Олардың тұрақты қылмыстық топ құру фактісі дәлелденіп, ол кінәларын ауырлататын жағдай ретінде есептелді.

Сот тергеуінің қорытындысы бойынша айыпталушылардың екеуі 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың қалған қатысушылары мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *