Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Мали үкіметі Сахель бес  тобынан (G5S – Мали, Буркина-Фасо, Нигер, Чад және Мавритания) шығатынын жариялады, деп француздық Radio France Internationale радиостанциясы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Мали Республикасының үкіметі Сахелдің G5 барлық органдарынан, соның ішінде бірлескен күштерден шығу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ұйымға мүше мемлекеттердің назарына белгіленген тәртіппен жеткізілетін болады», — мәтінін радиостанция келтірген билік мәлімдемесінде көрсетілген.

Мемлекет үкіметі «Африка халықтарының негізгі мүдделеріне сәйкес келетін мақсаттарға жету үшін аймақтық интеграция мен ынтымақтастыққа тұрақты бейілділігін» растады.

Сахелдің  G5 тобы 2014 жылдың ақпан айында Сахелдің батыс аймағында қауіпсіздік жүйесін сақтау және халықаралық терроризмге қарсы күресті үйлестіру мақсатында құрылған. G5 хатшылығының штаб-пәтері Мавританияның астанасы – Нуакшот қаласында орналасқан. G5-ке мүше елдер Сахел аймағындағы лаңкестік топтармен күресу үшін 2015 жылы бірлескен армия күшін құрды.

Сахел аймағы қазір Батыс Африка елдеріне исламдық лаңкестік қауіп-қатердің ошағына айналды. 2011 жылдың аяғында Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін Ливиядағы мемлекеттіліктің құлдырауы кезінде исламистердің қарулы топтары одан Мали мен Буркина-Фасоның солтүстік аймақтарына басып кірді.Бірте-бірте олар Солтүстік Африка мен Таяу және Орта Шығыс елдерінің содырларымен қатарларын толықтырып, әрекет ету аймақтарын кеңейте бастады. Бұл әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар арасындағы лаңкестік әрекеттер мен құрбандар санының артуына әкелді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *