Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Финляндия мен Швеция терроризмге күдіктілерді Түркияға беруден бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр.Швеция мен Финляндия соңғы 5 жылдан бері Түркияның Фетуллахшы террор ұйымы мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерін ұстап беру сұранысына немқұрайлы қарады, деп TRT  агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Әділет министрлігі сот шешімдері аясында соңғы 5 жылда Финляндиядан 6 FETÖ, 6 PKK-лық, барлығы 12 террористің кері қайтарылуын талап етті.

Министрлік сонымен бірге Швециядан 10 FETÖ, 11 PKK-лық, барлығы 21 террористің кері қайтарылуын талап етті.

Осылайша екі елден кері қайтарылуы талап етілген террористтер саны 33-ке жетті.

Бірақ НАТО мүшелігі күн тәртібінде тұрған бұл 2 ел Түркияның өтініштерінің ешқайсысына осы уақытқа дейін оң жауап қайтармады.

Екі ел Түркияның 19 террористі қайтару туралы сұранысын түрлі себептермен қабылдамай, 5 террорист туралы талапты жауапсыз қалдырды.

Финляндияда 2, Швецияда 7, барлығы 9 қылмыстық іс пен байланысты кезең жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *