Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысырда Синай түбегінің солтүстігінде террорлық шабуылдың алды алынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Синай түбегінің солтүстігінде лаңкестік шабуылдың алды алынды, деп Мысыр ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Синайдың солтүстігіндегі Тулюл аймағындағы қауіпсіздік бекетіне жанкешті белбеуін таққан содыр шабуыл жасамақ болды.

 «Атыс нәтижесінде содырдың көзі жойылды. Одан жанкешті белбеуі, екі қол гранатасы, автомат 4 оқжатарымен, 112 дана оқ табылды», — делінген ведомство хабарламасында.

7 мамырда Суэц каналының шығысында лаңкестік әрекетке тойтарыс беру кезінде, 11 мысырлық сарбаз қаза тапты . Осыдан кейін Мысыр әскері Синайдың солтүстігінде орналасқан радикалды исламшыларға қарсы операцияларының санын айтарлықтай арттырды. Осы оқиғалардан кейін Мысыр қарулы күштері Синай түбегінде 20-дан астам содырдың жойылғанын хабарлады. Операция барысында бес әскери қаза тапты.

Синай түбегінің солтүстігі Мысырдағы  ең шиеленісті аймақтардың бірі болып қала береді. Мұнда әрекет ететін экстремистер әскерилер мен полиция қызметкерлеріне оқтын-оқтын шабуыл жасайды. Соңғы бірнеше жылда Синайда кең ауқымды терроризмге қарсы операция жүргізіліп, оның барысында жүздеген экстремистер жойылып, ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *