Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігінде Ұлттық қарсылық майданының күштері 20-дан астам тәлібтінтің көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр.Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданының (ҰҚМ) жасақтары солтүстіктегі Панджшер провинциясында операция жүргізіп, оның барысында 20-дан астам «Талибан»* содырын өлтірді, — деді ҰҚМ сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Али Майсам Назари, деп Aamaj News агенттігі жазады. Бұл туралы «Stoptrror.uz» басылымына сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Біздің күштер Хасарек аймағында қарсы шабуылға шығып, жау позицияларына шабуыл жасады», — деді ол. -Майдан жауынгерлері қарсылық  көрсеткен тәлібтерге шығын келтіре алды». Назаридің айтуынша, қақтығыстар Панджширде жалғасуда.

Агенттіктің хабарлауынша, «Талибан» уақытша үкіметінің қорғаныс министрі Мохаммад Якуб Кабулдан Ауғанстанның солтүстігіне бет алған. Бұған дейін Панджшер, Бағлан және Тахар провинцияларына әскери күштер орналастырылған.

Өз кезегінде «Талибанның» уақытша үкіметіндегі Сыртқы істер министрі Амир Хан Моттаки TOLOnews телеарнасы таратқан мәлімдемеде Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдайдың шиеленісуі туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Панджширде қарулы қарсылық жоқ», — деді ол.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *