Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қытай Пәкістанды терроризммен күресте ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Қытай мен Пәкістан лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуы керек. Бұл туралы жексенбі күні Гуанчжоуда (Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясы) Пәкістан Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардаримен кездесуі барысында Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И айтты. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Терроризмге қарсы ахуалдың шиеленісуі жағдайында тараптар ынтымақтастықты нығайтуға, Пәкістандағы ҚХР азаматтары мен мекемелерінің қауіпсіздігін бұзатын оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек», — ҚХР Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы хабарламада делінген.

 «Қытай лаңкестікпен күресте Пәкістанға көмек көрсетуді жалғастыруға, пәкістандық тарапты лаңкестіктің ұясын жою жөніндегі жан-жақты саясатты нығайтуға қолдау көрсетуге дайын», — деді ол.

Ван И сонымен қатар Қытай Пәкістанмен стратегиялық байланыстар мен стратегиялық өзара сенімді нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін беру үшін стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін атап өтті. Қытай Пәкістанның ұлттық егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолында табанды түрде қолдау көрсетіп, Пәкістанның ұлттық ерекшеліктеріне сай даму жолын ұстануын қолдайтынын айтты.

26 сәуірде Карачи университетінің жанындағы Конфуций институтынын аумағында жарылыс болды, оны 30 жасар жанкешті әйел жасады. Шабуыл салдарынан үш ҚХР азаматы (Конфуций институтының ректоры мен екі оқытушы) және бір пәкістандық қаза тапты. Тағы төрт адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *