Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мароккода 1,5 тонна марихуана тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Марокко әскери-теңіз күштері Танжер қаласының солтүстік-батысында 1,5 тонна марихуана тәркіледі, деп MAP мемлекеттік ақпарат агенттігі жазады.Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Әскери-теңіз күштерінің жағалау күзеті жұма күні патрульдеу кезінде контрабанда әрекетінің жолын кесіп, заңсыз затты корольдік жандармерия қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлады MAP.

Естеріңізге сала кетейік, Марокконың кейбір аудандарында каннабисті заңсыз өсіруі бойынша қиын жағдай бар, ал марихуананың басым бөлігі Еуропаға контрабандалық жолмен жеткізіледі. Соңғы онжылдықта Марокконың қауіпсіздік органдары құрамында есірткі бар өсімдікті өсіруге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтті.

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметінше, Марокконың марихуананы өсіруді жоюға бағытталған ондаған жылдар бойы жүргізілген күш-жігеріне қарамастан, әлемдегі ең ірі есірткі өндірушілердің бірі болып қала береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *