Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияда әскери операция барысында 3 КЖП содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Шырнакта әскери операция басталды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Шырнакта 585 қызметкердің қатысуымен басталған «Ерен аблука-14» операциясының бірінші күнінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «сепаратистік террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен алып тастау және террористерді залалсыздандыру мақсатында Шырнакта «Ерен аблука-14 шейіт жандармерия лейтенанты Исмаил Джан Акдениз 2022-3» операциясы басталды» деп айтылды.

Операцияның бірінші күні сепаратистік террор ұйымының 3 мүшесі залалсыздандырылып, көп мөлшерде оқ-дәрі мен тұрмыстық материал тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *