Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидің оңтүстік-батысында «Аш-Шабаб» қолбасшысы өлтірілді

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Сомали ұлттық армиясы (СҰА) сенбі күні Сомалидің оңтүстік-батысында жүргізген операция барысында «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының жоғары лауазымды қолбасшысын өлтірді, деп әскерилерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Операцияны басқарған СҰА командирлері жексенбі күні Сомали ұлттық телеарнасына шейх Әл-Сима деген атпен белгілі Мұхаммед Нұр Гаалдың Бакул ауданындағы Тиеглоу қаласында өлтірілгенін хабарлады.

Мұхаммед Нұр Гаал Бей және Бакул аймақтарындағы бірқатар шабуылдарға жауапты, «Аш-Шабаб» аға жетекшілерінің бірі болған деп хабарлады мемлекеттік телеарна.

Бакул халықаралық «Әл-Каида»* террористік ұйымымен байланысы бар осы  топтың бекіністерінің бірі болып табылады.

Сомали қауіпсіздік күштері Африка одағының бітімгершілік күштерінің қолдауымен елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша күш-жігер аясында «Аш-Шабабқа» қарсы күресті күшейтті.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *