Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысыр мен Иордания СІМ басшылары Иракқа үш жақты ынтымақтастықты талқылау үшін келді

НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри мен оның иорданиялық әріптесі Айман ас-Сафади дүйсенбі күні Ирак астанасы Бағдадқа келді. Үш ел терроризмге қарсы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту және басқа да мәселелерді талқылады, деп  Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми әкімшілігі сол күні таратқан мәлімдемеде үкімет басшысы Мысыр мен Иорданияның сыртқы істер министрлерімен кездесуінде қазіргі жағдайда ортақ қиындықтарды бірлесіп жеңу қажеттігін атап көрсетті. Тараптар қауіпсіздік және қорғаныс, соның ішінде лаңкестік топтармен күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ осы мәселе бойынша кеңестер мен ақпарат алмасуды жалғастыруға ниетті екендіктерін атап өтті.

С.Шукри баспасөз мәслихатында бұл жолғы сапар үшжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндіктер әкелетінін атап өтті. Үш мемлекеттің ынтымақтастық механизмі Иракқа елдегі жағдайды тұрақтандыру және егемендікті қорғауда қолдау көрсетуге бағытталған. А.әс-Сафади Иорданияның үшжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге күш салып жатқанын және Мысыр және Иракпен бірге ортақ қиындықтарды еңсеруге ниетті екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *