Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ ФҚҚ: Дондағы Ростовта  «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының 13 мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Дондағы Ростовта террористік ұйым эмиссарларының тапсырысы бойынша мұсылмандарды жалдап жүрген «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»* ұяшығының 13 мүшесі ұсталды, деп ФҚҚ  қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Дондағы Ростов қаласында құрамында Орталық Азия аймағы елдерінің 13 азаматы бар…«Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» халықаралық террористік ұйымның  жасырын ұяшығын залалсыздандырды», — делінген хабарламада.

Эмиссарлардың үйлестіруі бойынша, олар Ресейде террористік идеологияны таратып, астыртын кездесулер барысында жергілікті мұсылмандар мен еңбек мигранттарын жалдаған.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерінен үгіт-насихат материалдары, байланыс құралдары мен электронды ақпарат құралдары тәркіленді.

«Ұйымдастырушыға қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады», — деп қосты ФҚҚ.

«Ислам азаттық партиясы»* («Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»*) әлемнің бірқатар елдерінде террористік деп танылған, ал Ресейде оның қызметіне Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы шешімімен тыйым салынды.

Ұйымның мақсаты – «әлемдік ислам халифатын» құру арқылы мұсылман емес үкіметтерді жою және әлемдік ауқымда исламдық басқаруды орнату. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»* мүшелері Ресейдің әртүрлі аймақтарында, негізінен Орталық Ресейдің ірі қалаларында, Еділ бойы мен Сібірде, сондай-ақ Қырымда тұрақты түрде ұсталады.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *