Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Мысыр мүфтиі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиі доктор Шауки Ибрахим Алламмен кездесті, деп KazIslam.kz сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Кездесуде екі елге ортақ маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі – жуырда Мысыр ұйымдастырған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конференция. Бас мүфти алдымен Шауки Алламға құрмет көрсетіп, конференцияның маңызды отырысына шақырғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Мысыр мүфтиі Мысырда білім алғысы келетіндерге әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол діни экстремизмге қарсы бірлескен жұмыс идеясын және бірлескен жоба құру қажеттігін айтты. Бас мүфти Шәуки Аллам Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезіне шақырылды. Өз кезегінде Мысыр мүфтиі шақыруды қабыл алып, қонақ болатынын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар достық қарым-қатынасты және игі бастамаларды нығайтуға қолдау білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *