Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Содырлардың бақылау бекетіне жасалған шабуылынан Малидің екі әскери қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Малидің солтүстігінде лаңкестік әрекеттен екі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Stopterror.uz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Томбукту аймағындағы әскери бақылау бекетіне белгісіз содырлар шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан екі әскери қызметкер қаза тауып, бесеуі жараланған.

Еске салайық, өткен аптада екі шабуылдың салдарынан Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерінің үш сарбазы қаза тапқан болатын.

Сахел аймағындағы «үш елдің шекарасы» деп аталатын Буркина-Фасо, Мали және Нигерге соңғы жылдары «Әл-Каида»* және ДАИШ (ДАИШ)* террористік ұйымдарымен байланысы бар топтар шабуыл жасайды.

2013 жылдан бері Малиде орналасқан шетелдік әскери миссияларға қарамастан елдегі террористік ұйымдар шабуылдарын жалғастыруда.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *