Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ІІМ «жалған террористтер» туралы айттылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым.Қазақстанның ішкі істер министрлігінде «жалған террористтер» туралы айтылды. Негізінен қылмыстарды жұмыссыз адамдар жасайды, деп ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. Бұл туралы BAQ.KZ агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат жолдау жай ғана бұзақылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет екенін азаматтардың естеріне салғым келеді. Ал телефонмен хабарлайтын бұзақылар жалған хабарламаның салдары қаншалықты ауыр екенін ойламайды да. Мысалы, адамдар үрейленіп, даурыққанда бір-бірін итеріп, соның салдарынан балалары ата-аналарынан адасып қалуы мүмкін, олардың арасында жүкті әйелдер, мүгедек адамдар болатын кездер де болады, — деді Қабденов.

Оның айтуынша, мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды.

Жалған хабарламалар таратқаны үшін сотталғандардың басым көпшілігі қылмыс жасаған уақытта мас күйде болған (2017ж. – 24; 2018ж. – 17; 2019ж. — 19; 2020г. – 16; 2021ж. — 14).Мысалға, 2022 жылдың 5 айында 273-бап бойынша істері сотқа жолданған 12 адамның 11-і қылмысты мас күйде жасаған. «Жалған террористің» әлеуметтік портретіне келетін болсам, барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар жасаған, — деді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *