Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СІМ: Түркия терроризммен күрес бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Түркияның мемлекеттік құрылымдары қылмыспен, соның ішінде терроризммен күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Тиісті мәлімдемені сейсенбі күні Түркия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Танжу Билгич бірқатар елдердің Түркияға саяхатқа қатысты ескертуіне түсініктеме бере отырып айтты.

«Мұндай ескертулер әртүрлі халықаралық оқиғалармен байланысты. Түркия ел аумағында және ел сыртында жүргізген операцияларымен терроризммен тиімді күресуді жалғастырған қауіпсіз ел. Бұл сәтті күрестің нәтижесі көрініп тұр», – дейді Билгич.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі  Анкара үшін  террористік ұйымдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін баса айтты.

«Түркияның бұл көзқарастары халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Мұны бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды», — деді Билгич.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *