Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті нигериялық ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым.Шет мемлекеттің территориясында Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын, деп журналистерге отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті. Бұл туралы   Zakon.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов шетелдік азаматтың ұсталғаны туралы алдын ала белгілі бір ақпаратқа сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

«Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне — «Джонни» ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ҚР ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым», — деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

Айта кетелік, 2015 жылы ҚР ІІМ Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ақжарқынның қорғаушылары оны Қазақстанға қайтаруды талап етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *