Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның Кадуна қаласында екі шіркеуге жасалған шабуылдан сегіз адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Нигерияның Христиан қауымдастығының (CAN) ресми өкілі қарулы адамдар жексенбі күні солтүстіктегі Кадуна штатында екі шіркеуге жасалған шабуылда сегіз адамды өлтіріп, тағы 38 адамды ұрлап әкеткенін мәлім етті. Осындай жойқын шабуыл бірнеше апта бұрын елдің оңтүстік-батысында орын алған. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  

Шабуыл жексенбі күні католиктік және баптисттік шіркеуде таңғы ғибадат кезінде болды, деп хабарлады Кадуна штатындағы Касуван Магани махалланың CAN төрағасы, қасиетті  Данлами Гаджере Reuters агенттігіне телефон арқылы.

Штат полициясының өкілі мен Кадунаның ішкі қауіпсіздік комиссары түсініктеме беру туралы өтінішке бірден жауап берген жоқ.

Екі апта бұрын АК-47 автоматтары мен жарылғыш заттармен қаруланған содырлар Ово қаласындағы Әулие Франциск католиктік шіркеуіне шабуыл жасан, 40 адам қаза тапты. Үкімет «Батыс Африка Ислам мемлекеті»* (ISWAP) көтерілісшілер тобына күдіктенеді. Бірақ ISWAP шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Еске салайық, 5 маусымда содырлар Нигерияның оңтүстік-батысындағы Ондо штатындағы католиктік шіркеуге басып кіріп, ғибадат кезінде діншілдерге оқ жаудырған. Жергілікті ақпарат көздері қарулы адамдар шіркеу аумағында жарылғыш затты да іске қосқанын хабарлады.

Сол кезде жарылыс пен атыс салдарынан 38 адам қаза тапты.

Қарулы бандалар Нигерияның солтүстік-батысында кең таралған, олар адамдарды төлемақы үшін тонайды немесе ұрлайды, сондай-ақ өңірде зорлық-зомбылық күшейіп келеді, мұнда саны аз қауіпсіздік күштері жиі  шабуылдарды тоқтата алмайды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *