Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Приморьедегі есірткі зертханасын жою нәтижесінде 200 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Приморск өлкесі бойынша Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіні басқармасының (ФҚҚБ)  қызметкерлері күшті әсер ететін синтетикалық есірткі шығаратын астыртын есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты. Үй-жайдан сатуға дайын 200 келіден астам есірткі заты табылды, деп ФҚҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  

«Қылмыстық тобының мүшелері Приморск өлкесінің аумағындағы жер үйде күшті әсер ететін синтетикалық есірткі өндіретін жасырын химиялық зертхананың жұмысын ұйымдастырған. Есірткі партиясын дайындау  кезінде ФҚҚ қызметкерлері қылмыстық топтың екі мүшесін ұстады. Сатуға дайын 200 келіден астам синтетикалық есірткі,  айтарлықтай мөлшерде дайындалған прекурсорлар табылып, тәркіленді», — деді баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, кем дегенде 400 келі есірткі өндіруге мүмкіндік беретін зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді. Есірткіні топ мүшелері жасырын мессенджерлер арқылы сатқан. Ұсталғандар кінәсін мойындап, бұрын өндірген есірткі заттары сақталған орындарды көрсетті.

Приморск өлкесі бойынша Ресей ФҚҚБ-нің тергеу бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1 бабының 5-бөлігі («Есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз өндіру, өткізу немесе жіберу») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *