Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бельгия Сириядан ДАИШ-пен байланысы бар 6 әйел мен 16 баланы қайтарып алды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Бельгия Сирияның Хасеке провинциясының Маликие аймағында КЖП/YPG террористік ұйымы басып алған Рой лагерінен ДАИШ-пен байланысы бар 6 әйел мен 16 баланы қайтарды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.   

Премьер-министр Александр де Кроо кеңсесінен жасалған мәлімдемеде әйелдердің ДАИШ-пен байланысы себепті  түрмеге қамалғаны айтылды.

Мәлімдемеде әйелдердің елге қайтарылуы ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай екені айтылған, себебі бұл адамдарды жақсырақ қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді.

Бельгия алғаш рет 2021 жылдың 17 шілдесінде Әл-Хол лагерінен 6 әйел мен 10 баланы қайтарған.

Түркияның көптеген жылдар бойы шақыруларына қарамастан Еуропа елдері ДАИШ-ке (ИМ) қосылған өз азаматтарына қарсы ешқандай шара қолданбады. Бұл елдер шетелде жасалған қылмыстарды дәлелдеу қиындығы, лаңкестердің тез арада бостандыққа шығу қаупі, түрмедегі басқа тұтқындардың радикалдану мүмкіндігі, оларды бөлек камераларда ұстау және барлау шығындарына  байланысты ДАИШ-ке қосылған өз азаматтарын қабылдауға ұзақ уақыт бойы құлықсыз қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *