Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында есірткі қылмысы туралы анонимді хабарлама жіберетін Telegram-бот құрылды

ТҮРКІСТАН, 23 маусым. Түркістан облысында заңсыз есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтар туралы анонимді хабарлама жіберетін Telegram-бот құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полиция қызметкерлері, нарколог-дәрігерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары және басқа да мүдделі қызмет өкілдері бас қосқан жиында белгілі болды. Мамандар қазіргі таңда қаладағы нашақорлық жағдайы туралы сөз сөйлеп, емдеу-оңалту жұмыстарын таныстырып, олардың нәтижесін айтты. Іс-шара барысында «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің өкілі жастар арасында қолға алынған жобаларды, олар бойынша қайтарымсыз гранттар бөлінгенін хабарлады. Сонымен қатар, азаматтар арасында есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар туралы анонимдік хабарламалар бойынша арнайы telegram-бот құрылғанын мәлімдеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *