Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кот-д ‘ Ивуар терроризммен күресте Ұлыбританиямен ынтымақтасуға ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Кот-д’Ивуар лаңкестікпен және теңіз қарақшылығымен күресте Ұлыбританиямен ынтымақтасады, деп Anadolu агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stopterror.uz   агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  

Ұлыбритания Қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппимен кездесуде Кот-д’Ивуар Қарулы күштері штабының басшысы Лассин Думбия әскерилердің терроризм мен теңіз қарақшылығына қатысты қауіпсіздік мәселелерімен күресудегі қиындықтары туралы айтып, осы салада Ұлыбританиямен ынтымақтасқысы келетінін мәлімдеді.

Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ниет білдірген Хиппи британдық тараптың да Думбия айтқан салаларда ынтымақтастықты қалайтынын атап өтті.

Ұлыбритания қарақшылық пен лаңкестікке қарсы күресте белгілі бір дағдыларды алу үшін Кот-д’Ивуар армиясына дайындық және барлау қызметтерін ұсынады.

Батыс Африкадағы «үш елдің шекарасы» атанған Мали, Нигер және Буркино-Фасо орналасқан аймақтағы лаңкестік топтар үшін Гвинея шығанағы жаңа бағыт екені белгілі.

«Әл-Каида»* мен  ДАИШ*-пен байланысы бар лаңкестік топтар Гвинея шығанағындағы Кот-д’Ивуар, Бенин және Тогоға қарай жылжып, теңізге шығуды қалайды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *