Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дағыстанда Ыстамбулдағы лаңкестік әрекетке қатысы бар ИМ мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Дағыстанда Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * ұяшығының мүшесі ұсталды, ол 39 адам қаза болған Ыстамбұлдағы түнгі клубта теракт жасаған, деп ФҚҚ  қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Ресейдің Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша Тергеу басқармасы  Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1-бөлігі (террористік әрекетке жәрдемдесу) бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс аясында ИМ ХТҰ-ның жасырын ұяшығының мүшесі және лаңкестік сипаттағы қылмыстарға қатысы бар деген айыппен бірнеше рет құқық қорғау органдарының назарына іліккен Ресей Федерациясының азаматы Абдурахманов Абдурахман Бадирович ұсталған», — делінген хабарламада.

Тінту кезінде банк карталары, ұялы телефондар, дербес компьютерлер, сондай-ақ дінді насихаттайтын әдебиеттер тәркіленгені атап өтілді.

Абдурахманов ақшаны лаңкестікке қатысы бар деген күдікке ілінген тұлғаларға банк карталары арқылы және «Western Union» жедел аударым жүйесі арқылы жіберген.

«Атап айтқанда, Абдурахманов жіберген қаражат 39 адам, оның ішінде Ресей Федерациясының  бір азаматы қаза тапқан 2017 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы «Рейна» түнгі клубында теракт жасауға жұмсалған.  Жоғарыда аталған қылмысты ұйымдастырған тұлғалар өмір бойына бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы 2015 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшесіне 1000 доллар аударған.

«Кейіннен (ақшаны – ред.) ұйым қатысушылары террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға пайдаланған», — деп хабарлады РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Тергеу комитетінде Абдурахмановтың қамауға алынғанын қоса айтты. Оның бауырлары заңсыз қарулы құрамға қатысқаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *