Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткі жарнамалаған 22 интернет сайт бұғатталды

АЛМАТЫ, 30 маусым. Интернет желілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде есірткі заттарын сату туралы жарнама орналастырылған 22 сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау фактілері бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінде. 

Ведомсвто прокуратура органдары интернеттен бастау алатын қылмыстардың басқа да түрлерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

«Атап айтқанда, прокуратура «вконтакте» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз, заңмен белгіленген тәртіпті айналып өтіп, балаларды сатып алу/сату туралы хабарландырулар орналастыруды көздейтін 3 интернет-қауымдастықты анықтады», — Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура өкілдері адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасаумен байланысты іс-әрекеттер үшін мүлік тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *