Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сербиядағы жетекші БАҚ миналау туралы хабарларға байланысты эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Сербиялық Tanjug агенттігі, Сербия ұлттық телеарнасы (СҰТ)  және Воеводина радиосы-телеарнасы миналау туралы хабарларға байланысты эвакуацияланды, деп Вечерне Новости газеті хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Басылымның мәліметінше, полиция Белградтағы Tanjug пен СҰТ жұмысшыларын эвакуациялады, ал оқиға орнында арнайы топтар жұмыс істеп жатыр. РТВ сайтында жарылыс қаупі жалған екендігі туралы хабарлама шықты, БАҚ әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Қауіп-қатер туралы хаттар басылымдардың электронды мекенжайларына келіп түскен.

Соңғы кездері Сербиядағы әртүрлі мекемелерге күн сайын жарылыс қауіптері туралы хабарламалар келіп түсуде. Осыған байланысты елордада ондаған мектеп, сауда орталықтары мен бассейндер эвакуациаланған. Ішкі істер министрлігінің диверсияға қарсы топтары жүргізген егжей-тегжейлі тексеруден кейін қойылған бомбалар туралы ақпараттың жалған екені анықталды.

Белград әуежайына да бірнеше рет Белград-Мәскеу және Белград-Санкт-Петербург бағытында ұшатын Air Serbia ұшағында бомба бар деген жалған ақпарат келіп түскен. Әуе кемелері жөнелту орнына тексеру үшін оралған. Сербия президенті Александр Вучичтің айтуынша, хабарламалар Украина мен Польша аумағынан жіберілген. Сербия Ішкі істер министрі Александр Вулин телефон лаңкестерін анықтау үшін Интерполға сұраныс жіберілгенін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *