Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Испанияда 200 келіге дейін есірткі тасымалдай алатын дрон ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Испания полициясы есірткі қашыру үшін өндірілген және 200 келіге дейін есірткі тасымалдай алатын су астындағы адамсыз теңіз көлігін тәркіледі, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  

Испания полициясы Мароккодан теңіз асты жолымен есірткі қашыру үшін өндірілген және 200 келіге дейін есірткі тасымалдай алатын су астындағы адамсыз теңіз көлігін тәркіледі.

Испания полициясы 14 айға созылған операцияның нәтижесінде Гибралтар бұғазы арқылы Мароккодан Испанияға су астында адамсыз теңіз көлігімен есірткі алып қашатын бір топты жойғанын, Кадис, Малага және Барселонада 8 күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

Су астында есірткі тасымалдайтын адамсыз теңіз көлігі тұңғыш рет тәркілегенін білдірген Испания полициясы GPS (жаһандық позициялау жүйесі) навигациялық жүйелерімен жабдықталған су астындағы дрондар жасалған қоймаға операция ұйымдастырылғанын, екі көліктің жасалып жатқан жерінде тәркіленгенін хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *