Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылордада аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен алматылық қыз ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 07 шілде. Қызылордада алматылық қыз аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым күні Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі заттарын Алматы қаласынан Қызылорда қаласына тасымалдау кезінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын мефедрон препараты болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Қазіргі таңда күдікті 20 жастағы азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *