Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында 1,5 кг жуық есірткі тәркіленді

ТҮРКІСТАН, 08 шілде. Түркістан облысының полицейлері шартты түрде жазасын өтеп жүрген шымкенттік ер адамды ірі көлемде есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде, Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген Toyota Camry көлігін тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын марихуана есірткісі болып шықты. Сонымен қатар, күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *