Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таблиғи жамағат пен талибан — деобанд мектебін жалғастырушылар

АҚТАУ, 19 шілде. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Философия ғылымдарының докторы Кеңшілік Тышханұлының айтуынша, Таблиғ пен Талибан – Деобанд қозғалысының мектебінен шыққан діни ағымдар.

Ақтау қаласында өткен «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: бүгінгі жай-күйі мен перспективалары» атты халықаралық форумда сөз алған ғалым Деобанд қозғалысының тарихы мен шығу тегіне кеңірек тоқталып, одан тараған кейбір ағымдардың бүгінгі қызметі туралы мәліметтермен бөлісті.

– Қазіргі таңда Деобанд қозғалысы: Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш, Оңтүстік Африка елдерінде кеңінен тараған. 1947 жылы Пәкістанның Үндістаннан бөлінуінен кейін Деобанди мектебі сол жерде етек жая бастады. Қазіргі таңда Пәкістандағы халықтың 20-25% өздерін осы мектептің өкіліне жатқызады. Деобандтың фиқһ іліміне келетін болсақ, олар төрт мектептің біреуін ұстану қажет деп есептейді. Төрт мазһабтың біреуін ұстану арқылы эклектикаға жол берілмейді және адасу болмайды деген қорытынды жасайды. Олар өздерін Ханафи мектебіне жатқызады. Деобанд мектебіндегі шәкірттер Ханафи мектебінің классикалық кітаптарын оқиды, – деді К. Тышханұлы.

Сонымен қатар ол Таблиғи жамағат пен Талибан қозғалыстарының шығу төркініне тоқталды.

– Талибан мен Таблиғ жамағаттың ең негізгі айырмашылығы – Таблиғ жамағаты ғылым мен білімге мән бермейді. Яғни, Құран жаттауға зейін аудармайды. Фиқһ, ақида, хадис ілімдерін терең меңгеруден толықтай бас тартады. Білім ізденуде өздерінің санаулы әдебиеттерімен шектеліп қала береді. Сонымен қоса, Құран аяттары мен хадис-шәріптерді тиісті түрде түсіндірмейді. Дінге шақыру барысында 3 күн, 40 күн, 4 айға дейін жолға шығып дағуат жүргізуге болады деп есептейді. Бұдан шығатын қорытынды, Таблиғ пен Талибан бір мектептен шыққанымен Исламды түсінуде аздаған ерекшеліктер бар, – деді.

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *