Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің отырысы қазан айында Үндістанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. 2022 жылдың қазан айында Мумбайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің (ТҚК) арнайы отырысы өтеді, деп The Hindu газеті хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Жаңа және дамып келе жатқан технологияларды теріс пайдаланудан туындайтын қауіп-қатерді ескере отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті осы мәселе бойынша 29 қазанда Үндістанда арнайы отырысын өткізу туралы шешім қабылдады», — деді ТҚК атқарушы органы.

Отырыста интернет пен әлеуметтік желілерді, бұқаралық ақпарат құралдарын, байланыс және жеткізу жүйелерін, оның ішінде ұшқышсыз ұшу жүйелерін террористік мақсаттарда пайдаланудың өскелең қаупіне қарсы күреске байланысты мәселелер қаралатын болады.

Үндістан биылғы жылы Терроризмге қарсы комитетінде төрағалық етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *