Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулдағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Кабулдағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, 18-і жараланды, деп елордалық полиция өкілі Халид Задран хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Оның айтуынша, жарылыс Кабулдың алтыншы полиция ауданында болған. Жарылғыш құрылғы қол арбасына орнатылған. Шабуылдың нысанасы —бейбіт адамдар болған. Сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды.

Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ.

Соңғы уақытта Ауғанстан мектептерінде, мешіттерінде және автобустарында  жарылыс топтамасы болып, қаза тапқандар мен жараланғандар көп болды. Олар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (ИМ)* экстремистік тобы өз мойнына алды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *