Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Радикалдар Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасаған 8 адам қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне жасалған шабуылға қатысты сегіз адам ұсталды, деп Кursiv.media сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Британдық БАҚ Лондон полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ, факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Анадолу сайты мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30 шамасында наразы топ елшілік ғимаратына баса-көктеп кіргені туралы ақпарат алған соң жеткен.

Ұсталғандарға елшілік ғимаратына заңсыз кіріп, ғимаратқа зақым келтірген деген айып тағылып отыр.

Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ, тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, 4 тамызда Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігіне радикалды діни топ шабуыл жасаған болатын.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі топ мүшелерінің дипломатиялық өкілдік ғимаратына басып кіру арқылы вандализм әрекетін жасағанын атап өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *