Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ванкувер қаласында мачетемен қаруланған адамның шабуылы салдарынан төрт адам жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз. Ванкуверде мачетемен қаруланған адамның шабуылынан төрт адам зардап шекті, шабуылдаушы ұсталды, деп қалалық полиция мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі уақытта болған. Ванкувердің орталығындағы жатақханалардың бірінде тұратын ер адам өз бөлмесін өртеп жіберіп, кейін  басқа тұрғындарға шабуыл жасаған.

 «Ер адам суық қарумен ғимараттағы төрт адамға шабуыл жасап, соққыға жыққан. Оқиға орнына жеткен полицейлер әлі қаруланған күдіктіні кездестірді. Полиция қызметкерлері бірнеше оқ атты, күдікті жарақат алды», — делінген полиция хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер шабуыл ұйымдастырған адамды ауруханаға жеткізді, оған қажетті көмек көрсетілді. «Мачете шабуылының» төрт құрбаны да әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *