Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» тобының 28 содыры өлтірілді

НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» тобының 28 содыры залалсыздандырылды, деп жергілікті БАҚ хабарлайды. Бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Борно штатындағы Гвоза қаласының маңында әскери ұшақтар қолданылған лаңкестікке қарсы операция өтті.

Бейтараптандырылғандар арасында террористік ұйымның жетекшісі Алхажи Моду да бар. Көптеген содырлар жараланды, олар қашып үлгерді.

«Боко Харам» Нигерияда 2000 жылдардың басынан бері белсенді болып келеді. 2009 жылдан бері 20 мыңнан астам адам лаңкестік ұйымның құрбаны болды.

«Боко Харам» 2015 жылдан бері Камерун, Чад және Нигерге шабуыл жасап келеді. Чад көлі аймағында кем дегенде екі мың адам лаңкестердің құрбаны болды.

Қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттер салдарынан елдегі жүздеген мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *