Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей СІМ Ауғанстаннан Орталық Азияға есірткі тасымалының өскенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. «Талибан» қозғалысының* Ауғанстандағы есірткі өндірісімен күресу ниетіне қарамастан, олардың билікке келгеннен бері Орталық Азия елдеріне есірткі ағыны «солтүстік бағыт» бойынша айтарлықтай өсті, деп РФ СІМ  жаңа қатерлер мен қауіптер департаментінің директоры Владимир Тарабрин мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«2021 жылдың тамызында билікке келгеннен бері «Талибан» қозғалысы есірткіге қарсы күрес жоспарларын жариялады. 2022 жылдың 3 сәуірінде жаңа билік апиын көкнәр өсіруге, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін өндіруге және сатуға тыйым салатынын жариялады. Дегенмен, бұл сәуір айының екінші жартысында елдің оңтүстігінде көкнәрді жинап, кейін оны тасымалдауға кедергі болған жоқ. Сонымен бірге, «солтүстік бағыт» бойынша есірткі тасымалының айтарлықтай өсуі тіркелді», —  деді Тарабрин.

Оның айтуынша, Тәжікстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5 есе көп ауғандық есірткі тәркіленген.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бағалауы бойынша, 2021 жылы Ауғанстанда апиын эквивалентінде 6800 тоннаға жуық өндірілген, есірткіден түскен табыс көлемі елдің ішкі жалпы өнімінің 14 пайызына жеткен», — деді Тарабрин.

2021 жылдың тамыз айының басында тәлібтер  Ауғанстанның үкімет күштеріне қарсы шабуылын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді, ал келесі күні соғыс аяқталғанын жариялады. Тамыз айының соңғы екі аптасында америкалық әскерилер қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс азаматтары мен олармен қызметтес болған ауғандықтарды жаппай эвакуациялау болды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып, АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылға жуық әскери қатысуын аяқтады. Қыркүйек айының басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды, оны «Талибанның»* бірінші билігі кезінде Сыртқы істер министрлігін басқарған және 2001 жылдан бері БҰҰ санкцияларында болған Мұхаммед Хасан Ахунд басқарды.

*Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *