Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Могадишодағы танымал қонақүйде жарылыстар болды, зардап шеккендердің саны белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Жұма күні кешке Сомали астанасы Могадишодағы танымал қонақүйде бірнеше жарылыс болды, құрбан болғандар саны белгісіз, деп аты-жөнін атамауды қалаған куәгерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Бұл «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

Арты атысқа ұласқан жарылыстар  депутаттар мен саясаткерлер жиі келетін Hayat қонақүйінде болды.

«Содырлар қауіпсіздік күштерінің бақылау-өткізу пунктінің жанында орналасқан Hayat қонақүйіне шабуыл жасады. Қазір содырлар мен қауіпсіздік күштері арасында атыс болуда», — деді оқиға куәгері.

Ол сондай-ақ Afrik и Sahafi қонақүйлерінің жанында жарылыстардың естілгенін айтты, бірақ оларға шабуыл жасалғаны белгісіз.

Кейінірек The Washington Post газеті  қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап,  Сомали астанасы Могадишода  «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының қонақүйге жасаған шабуылы салдарынан  кемінде  10 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланғанын хабарлады.

Олардың ақпараты бойынша, сенбі күні таңертең қонақүй маңында атыс естілді. Газет қонақүйден ондаған бейбіт тұрғынның, оның ішінде балалар эвакуацияланғанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *