Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның шығысында АҚШ әскери базаларына шабуыл жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор қаласында АҚШ күштері орналасқан Омар және Кунико табиғи газ орындарының айналасына зымырандық шабуылдар жасалды, деп  TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Шабуылдарда табиғи газ кен орнына зақым келген жоқ.

АҚШ күштері зымыран атылған бағытқа артиллерия мен зымырандарды атқылаған.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жасаған мәлімдемеде «Шабуылдың артында Иран қолдайтын лаңкестік топтар бар және АҚШ-тың тиісті жауапты қайтарды» делінді.

CENTCOM жасаған жазбаша мәлімдемеде шабуылға қатысқан Иран қолдауындағы 2 немесе 3 содырдың өлтірілгені, 3 көлік пен көптеген оқ-дәрінің болса жойылғаны білдірілді.

Евфрат өзенінің шығысындағы Дейр эз-Зор жерлерін АҚШ YPG/PKK террор ұйымының басқыншылығында болса, қалған ауылдық аймақтар мен қала орталығы Асад режимі мен ираншыл топтардың бақылауында тұр.

Дейр-эз-Зордың АҚШ пен Иран қолдайтын террористік топтар бар аймақтар соңғы уақытта жиі нысанаға алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *