Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңғыстаудағы вокзалда сөмкесіндегі бомба туралы мәлімдеген  ер адам ұсталды

АТЫРАУ, 27 тамыз. Маңғыстау облысында теміржол вокзалына жарылғыш зат алып кірді деген күдікпен атыраулық азамат ұсталды, деп Экспресс К сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Мұнайлы ауданындағы теміржол вокзалына жарылғыш зат алып кірген жолаушы туралы хабарламадан кейін полиция Атырау облысының тұрғынын ұстады.

«26 тамыз күні сағат 10:20 шамасында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне шұғыл жағдай туралы хабарланды. Теміржол вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екенін айтқан. Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны қамауға алынды», — деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орны бірден қоршауға алынып, кезекші прокурорлар мен полицияның жеке құрамы жұмылдырылған.

Төтенше жағдай кезінде теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Теміржол вокзалын қоршаумен қатар маңайдағы автожолдар да уақытша жабылды. Тексеру барысында сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ.

Қазір осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *