Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы:діни экстремистер тұзағына діни білімі таяз адамдар түседі

АЛМАТЫ, 31 тамыз. Теологтар мен шенеуніктер адамдардың неліктен экстремистерге қосылатынын және одан қалай сақтану керектігін түсіндіреді,  деп хабарлайды Информбюроға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Қазақстан Республикасындағы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Кәкімжан Бишманов жылдар бойы діни фанаттардың, радикалдардың, террористердің психологиясын зерттеді. Профессор олар адамдардың білместігін пайдаланып, әдемі ұрандарымен өз торына түсіреді деп есептейді.

«Жиһад» сөзін алсақ. Бұл «ішіндегі дінсіз (кәпір) адамды өлтір» дегенді білдіреді. Бұл жердегі «ішіндегі» деген жойылып, «дінсізді өлтіру» болып шығады. Барлығы өте оңай. Сөздердің ауысып түсуі, нағыз дінге қатысы жоқ сөз», – дейді Кәкімжан Бишманов.

Жиһадты кәпірлерге қарсы соғыс ретінде радикалды ислам насихаттайды. Радикализм экстремизмді де, терроризмді де, фашизмді де, геноцидті де және т.б. біріктіреді.

«Адамдар діни экстремистердің қолына ақидалар туралы таяз, үстірт білімнің кесірінен түседі. Алғашқы кезеңде адамды бірге намаз оқуға, білім алуға шақырады. Ол берілген ақпаратпен сусындап, оған сене бастайды және өзінің деструктивті ағымға түскенін түсінбейді. Тұзаққа негізінен жастар түседі. Сондықтан имамдар олармен жұмыс істеп, уағыз айтып, классикалық исламның не екенін айтып, көрсетуі керек», — деп есептейді сарапшы.

Республиканың әр аймағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган –  дін істері басқармасы бар. Адамның, қоғамның және мемлекеттің экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қауіптерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқарманың алға қойған міндеттерінің бірі болып табылады.

«Шектен тыс көзқарастар мен шараларды ұстану – экстремизмге тән қасиет. Экстремистер тәртіпсіздіктерді, азаматтық бағынбауды, лаңкестік әрекеттерді тудырады. Ал «діни» деген қосымша «экстремизм» сөзімен қосылып кез келген дінді ұстануды білдіреді. Терроризм – қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп қорқыту арқылы мемлекеттік органдарға немесе халықаралық ұйымдарға әсер ететін зорлық-зомбылық идеологиясы. Терроризмнің ең көп тараған түрі – саяси, ұлтшылдық және діни терроризм», – дейді Алматы қаласы Дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Дулат Ибрагимов.

Ведомствода экстремизмнің салдарын жойғаннан гөрі оның алдын алу оңай деп есептейді, сондықтан оның алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

 «Дін саласындағы білікті сарапшылар, теологтар, заңгерлер, психологтар мен ресми дін өкілдерінің қатысуымен іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Негізгі міндет – халық арасында радикалды діни идеологияларға қарсы иммунитетті қалыптастыру. Сарапшыларды тарта отырып, базарларда, сауда үйлерінде, оқу орындарында, адам көп жиналатын жерлерде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткіземіз», — деді Дулат Ибрагимов.

Интернет кеңістігін бақылаудың арнайы жүйесі арқылы басқарма қызметкерлері әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың парақшаларына тіркеліп, олардың идеологиясына қызығушылық танытқан тұлғаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізеді, сондай-ақ діни заңнаманың ережелері бұзылған жағдайда шара қолданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *