Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек.Теннесси штатының Мемфис қаласынының әртүрлі жерлерінде атыс болып, төрт адам қаза тауып, үш адам жараланды, деп қалалық полиция хабарлады.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны «қатыгез әрекеттер тізбегі» деп атады. Полицияның мәліметінше, 19 жастағы күдікті, қара нәсілді жас Эзекил Д. Келли сәрсенбіге қараған түні оқ жаудырып, бір адамды өлтірген, содан кейін қаланың басқа аудандарында күндіз атысын жалғастырған. Осы жағдайлардың кем дегенде біреуінде шабуылдаушы не болып жатқанын Facebook-те таратқан (Ресей Федерациясында тыйым салынған; Ресей Федерациясында экстремистік деп танылған Meta корпорациясына тиесілі). Корпорация контенттін жоылғанына сендірді, деп  атап өтті Axios порталы.

 «Иә, [төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алды] <…>. Кем дегенде сегіз жерде атыс болды, біз әлі де тергеу жүргізіп жатырмыз және [қылмыс орын алған] басқа да жерлер анықталуы мүмкін», — деді Мемфис полициясының басшысы Серелин Дэвис брифинг барысында.

Полиция жергілікті тұрғындарды атыс жалғасып жатқандықтан үйде болуға шақырды, өйткені күдікті «қарулы және қауіпті» деп саналды. Жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні кешке Келли тұтқындалып, қамауға алынды. Полицейлер оның көлігінен екі атыс қаруын тапты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *