Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германия полициясы екі тоннадан астам кокаин тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Неміс полициясы Перуден келген 2,3 тонна кокаин тәркілеп, есірткі контрабандасының ірі арнасын ұйымдастырушы деген күдіктіні ұстады, деп Федералдық қылмыстық полиция ведомствосы (ВКА) хабарлайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Тәртіп сақшылары Перу билігінің көмегімен «бақыланатын жеткізу» барысында кокаин контрабандасының алдын алмастан жеткізуді бақылаған, деп хабарлады неміс полициясы.

Құзырлы органдар есірткіні қай кеменің тасымалдағанын білген. Полицияның хабарлауынша, басты күдікті — Кельн қаласының 58 жастағы тұрғынынан басқа, Перуде сыбайласы деген тағы төрт адам ұсталған.

 «Оңтүстік Америкадан кокаин жеткізуден туындаған мәселе өткір күйінде қалып отыр», — деді ВКА   басшысының орынбасары Мартина Линк. Оның айтуынша, Еуропаның және әлемнің басқа елдеріндегідей, Германияда «соңғы жылдары тәркіленген кокаин мөлшері айтарлықтай өсті».

Еуропа тарихындағы ең үлкен кокаин партиясы  2021 жылдың ақпанында Германияның солтүстігіндегі Гамбург портында кеден қызметкерлерімен тәркіленді. Сол кезде  Парагвайдан келген контейнерлерден бұл есірткінің 16 тоннасы табылды.

 М.Линк атап өткендей, теңіз жолдары Еуропаға есірткі контрабандасында «айтарлықтай рөл» атқарады. Ол халықаралық есірткі тасымалымен күрес «басымды міндет» болып қала беретінін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *