Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АСТАНА, 21 қыркүйек. Ингушетия бойынша Ресей гвардиясының қызметкерлері лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Тапсырмаларды әскерлердің біріккен тобы құрамында орындайтын Ресей гвардиясының Жедел әрекет етудің арнайы жасағы және Ерекше мақсаттағы мобильді жасақ жауынгерлерінің қолдауымен Ресей ФҚҚ облыстық басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында террористік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен республиканың облыс орталықтарының бірінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды», — делінген хабарламада.

Арнайы қызметтердің мәліметінше, жергілікті тұрғын Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * халықаралық лаңкестік ұйымына өз еркімен қосылып, оған жаңа мүшелер тартқан.

«Ол сондай-ақ террористік әрекетке тартылғандардың Ресей Федерациясының аумағынан кетуін, «Ислам мемлекеті» бақылауындағы аумаққа жетуін ұйымдастырып, жағдай жасаған. Сондай-ақ ұсталған азаматтың үйінен өнеркәсіптік жолмен жасалған жарылғыш зат тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *