Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде бірден сегіз мектепке «бомба қойылған»

АҚТӨБЕ, 24 қыркүйек. Осымен бір аптаның ішінде мектептен екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Бұл жолы сегіз мектеп назарға ілікті. Жүздеген оқушы эвакуацияланды. Полицейлер қаскөйді анықтауға барын салып жатыр, деп хабарлайды Zakonkz.

Ақтөбеде таңертең №2 орта мектептің оқушылары жаппай эвакуацияланды. Осымен бір аптаның ішінде бұл мектепте екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Жайсыз хабарды естіген ата-аналар да зәрі құты қалмай осында жеткен, деп хабарлайды Astana.tv.

Бұл жерде қиындық тудыратын жағдай электрондық почтаға келген хабарлама. Өзінің жалған поштадан келеді. Сондықтан азаматтарды табу қиындыққа соқтырып тұр. Жедел ақпараттар бар қазір сол бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деді Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тексеруден кейін оқушыларға өз сыныптарына оралуға рұқсат етілді. Оқу процесінің бұзылуына байланысты балалар қосымша жүктемемен оқуға мәжбүр.

Сабақтар одан әрі жалғаса береді. Өтпей қалған, болмай қалған сабақ болса, егер ондағы тақырып жаңа болса, мұғалімдер оны арасында қосымша түсіндіреді, — деп мәлімдеді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.

Алматы облысында соңғы кездері телефон терроризмі өршіп тұр. Жақында белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, Өтеген батыр ауылындағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция ғимаратты тексеріп шықты, бақытымызға қарай, ақпарат расталмады. Тәртіп сақшылары мұндай ойын мемлекетке миллиондаған шығын әкелетінін еске салады, сол себепті телефон террористері бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *