Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түрік әскері Сирияның солтүстігінде 7 террористті залалсыздандырды

АСТАНА, 04 қазан. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағында PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық  аймағына шабуыл жасамақ болған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біз террористерді өздері қазған шұңқырларға көмуді жалғастырамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға әрекеттенген 7 PKK/YPG террористі Түрік Қарулы Күштеріміз тарапынан залалсыздандырылды» делінді.

Сиирттің Первари ауданының ауылында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде «Ерен Аблука күз-қыс 1 шәйіті Жандармерия лейтенанты Исмаил Джан Акдениз» операциясы аясында  Сииртте бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі  3 террористтің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде аймақтағы операциялардың жалғасып жатқаны атап өтілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында анықталған PKK-лық тағы 2 террористтің Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылғаны білдірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *