Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидегі шабуылдарда қаза тапқандар саны 36-ға жетті

АСТАНА, 05 қазан. Сомалидің орталы аймағында кешегі террор шабуылдарында қаза тапқандар саны 36-ға жетті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Бас қала Могадишоның солтүстігіндегі Беледвейн қаласында жасалған жанкешті 3 шабуылда, араларында екі үкімет қызметкері бар, барлығы 36 адам қаза тауып, 73 адам жараланды.

Хиран губернаторы Али Джейсте террористтердің жанкешті шабуылдарының оларды қорқытпайтынын және аймақтағы операциялардың жалғасатынын атап көрсетті.

Араларында балалар мен әйелдер бар ауыр жараланған 24 адам Могадишоға жеткізілді.

Жауапкершілігін Аш-Шабаб террор ұйымы мойнына алған шабуылдардың Сомали армиясы мен АҚШ күштері тарапынан Хиран аймағында ұйымдастырған операциялардан кейін орын алуы назар аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *