Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шымкент полицейлері 150 грамнан астам синтетикалық есірткіні тәркіледі

ШЫМКЕНТ, 17 қазан. Шымкентте аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі таратқан “көтерме-саудагер” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қарасора-2022” іс-шарасы барысында қала аумағында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан 26 жастағы тұрғын ұсталды.

Тергеу барысында оның оңай ақша табу мақсатында әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері болып жұмысқа тұрғаны белгілі болды. Кейіннен жұмысын жақсы атқарғаны үшін “көтерме-саудагер” деңгейіне көтеріліп, шағын мөлшерден ірі және аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі таратуға көшкен. Сосын оны тұтынушыларға жеткізу мақсатында сақтап, тасымалдап, жасырын орындарға тығып келген.

Ер азамат өзінің автокөлігімен кезекті есірткі таратуға шығуы барысында полиция қызметкерлерімен ұсталды. Көліктің алдыңғы жолаушы орындығының астына тығылған сөмкесінен сым қабықшалардағы жеті жапсырмаға оралған жалпы 100 синтетикалық есірткі тәркіленіп алынды. Сонымен қатар, ол тығып үлгерген жерлерден тағы қосымша екі жапсырмаға оралған 30 сым қабықшаларына салынған синтетикалық есірткі табылды.

Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде тағы да бөлшектеп таратуға арналған екі есірткі алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы – 150 грамнан асады.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *