Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сургут тұрғынынан 37 келіге жуық мефедрон тәркіленді

АСТАНА, 19 қазан. Полиция қызметкерлері Қорған облысында Сургут қаласының тұрғынын көлікте 37 келіге жуық мефедрон тасымалдап жатқан жерінен ұстады, деп «МВД Медиа» порталы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Қорған облысы бойынша Ресей ІІМБ жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясы басқармасының мамандандырылған взводының инспекторлары түнде Шадринск-Ялуторовск тас жолында жүргізушісі өзін күдікті ұстаған жол жиегінде тұрған көлікті анықтады. Полицейлер көліктің салонын тексеру кезінде 16 қап ақ түсті зат салынған спорт сөмкесін тапты. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 37 келіге жуық мефедрон болды»,  — делінген хабарламада.

Анықталғандай, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Сургут қаласының 27 жастағы тұрғыны Қорған облысында есірткі затты алып, пакеттерді Челябі, Екатеринбург, Пермь, Мәскеу және басқа қалалардағы жасырын жерлерге салып қоюы керек еді.

Ұсталған азаматқа қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің  30 бабының 3-бөлігінде және  228.1 бабының 5-бөлігінде «Қылмысқа оқталу және аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз өндіру, өткізу, беру туралы» көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Ол қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *