Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ердоған: «Цифрлық терроризм» елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді

АСТАНА, 24 қазан.Бүгінгі таңда «цифрлық терроризм» демократия мен қоғамдық тәртіпке ғана емес, сонымен қатар елдердің ұлттық қауіпсіздігіне де айқын қатер болып табылады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше елдер ақпарат министрлерінің 12-ші отырысына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп Anadolu агенттігіне «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Өкінішке орай, бүгінде дүние жүзіндегі миллиондаған адамдар жалған және бұрмаланған ақпараттың кесірінен зардап шегуде», — деді Түркия басшысы.

Оның айтуынша, ақпарат көздерін әртараптандыру және бұқаралық ақпарат құралдарының, ең алдымен, әлеуметтік желілердің күнделікті өмірге көбірек араласуы көптеген пайда әкеледі, бірақ сонымен бірге айтарлықтай тәуекелдерді тудырады.

«Ақпараттың ластануы және дезинформация осы қауіптердің алдыңғы қатарында», — деп түсіндірді ол.

«Фейк жаңалықтар мен лаңкестік ұйымдарды қолдаудың бір жағы болса, екінші жағы исламофобия мен ксенофобия» екеніне назар аударды түрік көшбасшысы.

Мемлекет басшысы сондай-ақ кейбір топтардың Түркияның терроризммен күреске қосқан үлесін жоққа шығару әрекеттерін сынға алды.

 «Түркия ДАИШ (ИМ)* лаңкестерімен «жер бетінде» сәтті күрескен жалғыз ел болғанына қарамастан, біз осы шындыққа қайшы келетін әдепсіз айыптауларға ұшыраймыз», — деді.

Президент Ердоған француз цемент алыбы Lafarge  жақында Сириядағы ДАИШ лаңкестік ұйымына қолдау көрсетті деп айыпталғанын еске салды.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол француз әріптесі Эммануэль Макронға осы компанияның Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік ұйымдармен сыбайласы туралы ескерткен.

 «Мен француз цемент алыбы Lafarge Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік ұйымдарды қолдап, оларға көмектесетінін айтқанымда, француздар мұны түсінбеді. Мен бұл туралы [Франция президенті Эммануэль] Макронға айқан едім. Енді Франция парламенті Макроннан Lafarge туралы есеп беруді сұрады. Қазіргі уақытта Lafarge ісі Францияның күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады», — деді президент Ердоған.

«Лафарж қазір терроризмді қолдайтын ең ірі құрылымдардың бірі ретінде танымал», — деді президент Ердоған.

«Кеше бізге жала жапқандардың ДАИШ-пен іс басқарғаны, лаңкестермен сауда жасағаны және оларға миллиондаған еуро аударғаны туралы фактілер бүгін дәлелдермен және сот үкімдерімен бірінен соң бірі анықталып жатыр», — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *