Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидің оңтүстігінде содырлардың шабуылынан кем дегенде үш адам қаза тапты

АСТАНА, 23 қазан.Жексенбі күні «Аш-Шабаб» лаңкестік тобы содырларының Сомалидің оңтүстігіндегі Кисмайо қаласындағы қонақүйге жасаған шабуылынан кемінде үш адам қаза тауып, тағы сегізі жараланды, деп Agence France-Presse хабарлайды. Бұл туралы  Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

 «Террористер «Тавакал» қонақүйіне шабуыл жасады, ғимарат ішінде қауіпсіздік қызметкерлері мен содырлар арасындағы шайқас жалғасуда», — деді полиция офицері Абдуллахи Исмаил.

Өз кезегінде, сомалилық Garowe жаңалықтар порталы Джубаленд штатының полиция басшысы Мохамед Наси Гуледке сілтеме жасап, қонақүй ішінде қаруланған үш лаңкес барын хабарлады. «Жақын арада қауіпсіздік қызметі қонақүйдің аумағын тазартады», — деді ол.

Кисмайо жағалауында орналасқан қонақүйге шабуыл жасалған кезде онда Сомалидің оңтүстігінде «Аш-Шабаб» содырларына қарсы ауқымды операция жүргізу жоспары талқыланған мәртебелі меймандар жиналысы өтіп жатқан, деп хабарлайды Somali Guardian жаңалықтар порталы. Зардап шеккендер арасында Джубаленд штатының әкімшілігінің қызметкерлері мен әскерилердің бар-жоғы туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Кейінірек Somali Guardian газеті  содырлардың қонақүйге жасаған шабуылынан бес адамның қаза тапқанын хабарлады. Тағы 30 адамның жараланғанын айтып, қауіпсіздік күштерінің әрекетінің арқасында көп адам қонақүйден шығып үлгергенін айтты.

Лаңкестер «Тавакал» қонақүйіне шабуылды таңертең жасады, содырлар тобы ғимаратқа кіріп үлгерген, сол жерде шайқас басталған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да қонақүй ішінде лаңкестер мен қауіпсіздік күштері арасындағы атыс сегіз сағат бойы жалғасып жатыр.

Анықтама: «Аш-Шабаб» Сомалиде 2004 жылы құрылған. 2008 жылдан бастап оның содырлары мезгіл-мезгіл лаңкестік шабуылдар жасайды. 2010 жылға қарай топ кең аумақтарды басқарды, бірақ 2011 жылдың жазында Сомали астанасы Могадишодан кетіп, ел үкіметі мен оның одақтастарымен күрестің партизандық тактикасына көшуге мәжбүр болды. 2012 жылғы ақпан айында «Аш-Шабаб» басшыларының бірі содырлардың «Әл-Каида*» лаңкестік ұйымына (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қосылғаны туралы жариялады.«Аш-Шабабтың» жалпы саны қазір 10 мың содырды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *