Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанайлық полицейлер синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі

ҚОСТАНАЙ, 27 қазан. Қостанайлық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда Қостанай қаласында “Рефлекс” ЖАШ барысында сауда үйінің көлік тұрағында облыс орталығының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Жас жігіттерден ішінде ерекше иісі бар сарғыш түсті зат тәркіленді.

– Жүргізілген сараптамаға сәйкес аталған зат “Альфа-пирипи” синтетикалық есірткі заты болып шықты, жалпы салмағы 496,6 грамм – бұл аса ірі мөлшерге жатады. Болжам бойынша, оны одан әрі тарату мақсатында сақтаған. Аталған адамдарға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалуда, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІБ аға жедел уәкілі Лев Квасенко.

Биылғы жылы қостанайлық полицейлері заңсыз айналымнан 178 кг. 470 гр түрлі есірткі затын тәркіледі, оның ішінде 555 гр астам героин, 18 кг 399 гр – гашиш, 1 кг 687 гр астам синтетикалық есірткі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *